KazReferatInfo - коллекция рефератов
1. Абай шығармашылы
2. Әлем әдебиетіндегі сентиментализм
Әлем әдебиетіндегі сентиментализм
Қазақ әдебиетінің 20-ғасырдағы даму жолы халқымыздың сол тұстағы тарихи-әлеуметтік жағдайына байланысты болды. Бұл ғасырда қазақ қоғамы бұрынғы дәуірлерге қарағанда біраз өзгерістерді басынан өткеріп, ілгері өрлеуге бет бұрған-ды. Халыққа Еуропалық өнердің есігі ашылып оқу, өнер-білім самалы қазақ даласына жайылды.
Қазақ ақын-жазушыларының шеберлігі бұл тұста арта түсті. Олар ұлттық әдебиеттің дәстүрлі жетістіктерін жете игеріп қана қоймай, ілгері іздене берді. Батыс пен Шығыс поэзиясына қолдары жетіп өрісін ұзартты. Қазақ поэзиясы бұрынғы өсиет өлең, арнау, толғау, жыр сияқты басым болып келген ескі жанр түрлеріне жаңалықтар қосты. Қазақ лирикасының өзі сан түрлі жаңа жүйелермен байи түсті. Лириканың бұрын дидактикалық сарыны басым болса, енді оның суретті, пейзажистік, образдылық жақтары бой ала бастады. Адамның арақатынасы, махаббат сезімдері, ішкі психологиялық дүниесі нәзік лиризммен әсерлі бейнеленіп, адамның іші мен сырты бірдей әдемі, жоғары адамгершілікпен ұштасуы көкселді. Адам өмірі жан-жақты жырланып, қоғамдық сана,философиялық ой-тұжырымдары, дәуір жаңалықтары кеңінен жырға қосылды.
Ұлы Абай қазақ поэзиясында жаңалық жыршысы болып, оның реалистік бетін ашса, музыка өнерінің қазақ топырағындағы жаңа бағытын Біржан мен Ақан бастап берді. Бұлардың өнерімізді дамытудағы әсерлері, олардың өскен орталары, алған өнегелері, творчестволарының қайнар көзі-бәрі сабақтас. Қазақтың сал-серілері атанған Біржан мен Ақан шығармашылығы біз тілге тиек етіп отырған сентиментализмнің озық үлгілері десек те болады. Олар өзінің дер шағындағы талант табыстарын түгел дерлік жас ұрпаққа арнап, солардың жүректерін тебірентер тамаша туындылар жасады. Жоғары адамгершілік идеяларға толы өміршең поэзия, асқақ та әсемән әуендерін қалдырды. Жастық дәуреннің кеудені кернеген армандарын, басына түскен мұңын, адамның жан сұлулығы, мөлдір махаббат сезімдерін жылуы мол жалынды жырмен толғап, әсем әуенмен аспандата әндетті. Көптеген сазды, сәнді лирикалар қалдырды. Мәселен Біржан өлеңді ән үшін, әнді өлең үшін шығарған. Сондықтан олар өзара біте қайнасып, бірігіп кеткен туындылар. Ғашықтық лирикаларындағы нәзік сезім дүниелерін ол асқан ақындық шабытпен жүрек тебіренте жырлап берді. Жастар жүрегінің қылын шертіп, іштегі жасырын сырларын ақтара ашады. Махаббат күйігіне душар болғандар характері, олардың эмоциялық сезім-серпіндері қоғамдық-әлеуметтік шындықтарға байланыстырылып, биік идеялы сатыға көтеріледі... Осылайша, лирикалы реалды өмірден туып, әлеуметтік қорытынды жасайды. Адамгершілік ақылдар ұстанады.
Біржанның ақындық құдіретін жете танытқан оның айтыстары. Әсіресе, Сарамен айтысы. ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары айтыстары ішінде бұл айтыстың алатын орны ерекше. Өзінің идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік, образдық сипаттармен де, ол нағыз әдеби шығарма. Осы айтыста Біржан мен Сара қазақ қоғамындағы келеңсіз жайттарды, кереғар пікірлерді сынға алады. Әлеуметтік мәселелерді көтереді. Білімді, дана ақындардың әр сөзінде қазақ өлкелерінің байлығы, тарихи адамдары, қоныс мекендері, әр елге тән әдет-жоралғылары білгірлікпен баяндалады. Қазақтың ескі өміріндегі жағымсыз салттарға құрбан болған арулардың аянышты тағдырына жоқшы болып, оның тамырына балта шабар кездің жақын қалғанын Арқаның дауылпазындай Біржан Алатау алқабына жарлап жыр төкті. Ешкімнен қорықпастан қазақтың үз жүзін жалғыз аралап, махаббат азаттығын, әйел жұртының еркіндігін талап етіп, алты қырдан асыра асқақ ән шырқады. Әйел затының азаттығын көксеп өтті. Адамгершілікке, адал достық, таза махаббатқа үндеді. Аруды есекке қосақтамай, азғынға қор қылмай, теңіне қосып, күңдіктен құтқаруды талап етті. Ақынның бұл ниеттері – оынң талай аруларға арналған жырларынан да, Сара қызбен айтысынан да айқын көрінетін өзекті идеялары, асқақ армандары. Осы арада қазақтың ақыны, композиторы Біржан сал мен орыстың жазушысы Н.М. Карамзиннің шығармаларында біршама ұқсастықтар бар. Жаңағы айтып отырған Біржан салдың көтерген мәселелері, арман-ойлары Карамзин туындыларында да ұшырасып қалады...
1 2 3 Отобразить весь текст
Реферат на тему «Әлем әдебиетіндегі сентиментализм»
В можете поставить кнопку KazReferatInfo на своем сайте. Для этого скопируйте код, который указан ниже, и вставьте его на свою страницу. Кнопка будет выглядеть так:
.Контакты
Если у вас возникли какие либо вопросы, обращайтесь на email администратора: upload-kri@yandex.ru
